10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
10-сынып оқушыларымен тест нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараны мектеп директоры Е.Н. Қуатбеков өткізіп, оқушылардың білім деңгейіне жан-жақты сараптама жасады. Талдау барысында пәндер бойынша жіберілген қателіктер қарастырылып, әр оқушыға жеке кері байланыс берілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру мақсатында нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдарлар ұсынылды. Бұл жұмыс оқушылардың өз біліміндегі олқылықтарды анықтап, алдағы уақытта нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.