12
май
2025
"Еңбегі сіңген"
Бүгін мектебіміздің ақ халатты абзал жаны Бибинур Убайтовна `Еңбегі сіңген` медальімен марапатталды.
Сізді кәсіби мерекеңіз – Мейірбике күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің атқарып жүрген еңбегіңіз, адам өміріне деген жанашырлық пен мейіріміңіз – нағыз ерлік. Сіз секілді жан жүрегімен көмек көрсететін, әр науқастың жағдайын жүрегімен сезіне білетін жандар қоғам үшін аса қымбат.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызда табыс пен шабыт тілеймін! Мейірім мен күлкіге толы әрбір күні қуаныш сыйласын.