09
май
2023
7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні
7 мамыр -Отан қорғаушылар күніне орай А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия ұжымының ер азаматтарына арналған мерекелік кеш өтті. Ер – елінің қорғаны. Тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды әскері Отан қорғау қызметінде өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Азаматтарымыз шекара шебін қас қақпай күзетіп, ұлттық қауіпсіздігіміз бен ішкі тұрақтылығымыздың сенімді кепілі болып отыр. Білім саласында еңбек етіп жүрген әрбір ер азамматтарымызға сый-құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз. Арқа сүйер, ел қорғаны ер азаматтарымыз аман болсын!


