Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстаз деген жарық күні ғаламның" атты мерекелік концерт
05
октябрь
2022

"Ұстаз деген жарық күні ғаламның" атты мерекелік концерт

    Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын "Ұстаздар күні" мерекесі мектеп-гимназияда өз деңгейінде аталып өтілді. 30 қыркүйек күні "Ұстаз деген жарық күні ғаламның" тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы Е.Н.Қуатбеков құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Бағдарлама барысында мектеп-гимназия оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: