Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру:заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбындағы VIII педагогикалық оқулардың мектепішілік кезеңі
14
январь
2026

“ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру:заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбындағы VIII педагогикалық оқулардың мектепішілік кезеңі

Бүгін мектеп-гимназиямызда “ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбында VIII педагогикалық оқулардың мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — білім беру жүйесіндегі ұлттық құндылықтарды жаңаша көзқараспен дамыту, заманауи педагогтің кәсіби ұстанымын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру.

Педагогикалық оқулар барысында мұғалімдер өздерінің авторлық тәжірибелерімен, инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ХХІ ғасыр талаптарына сай білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Әсіресе ұлттық сана қалыптастыру, оқушы бойында рухани құндылықтарды дамыту, цифрлық білім беру кеңістігін тиімді пайдалану бағыттарындағы баяндамалар тыңдалды.

Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым мүшелері белсенді қатысып, ұсынылған жұмыстарға жоғары баға берді. Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік баяндамалар іріктеліп, келесі кезеңге жолдама алды.

Бұл педагогикалық оқулар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасу алаңына айналды.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: