Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі»
18
март
2025

«Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі»

     Наурыз айының 18-ші жұлдызында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі» атты директордың тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға арнайы бағдарлама құрылып, мұғалімдердің іс-тәжірибесі таратылды.Семинардың ашылу салтанаты "Самғау" ансамблінің орындауындағы хормен басталды,мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков семинарда кіріспе сөз сөйлеп,семинар қатысушыларға сәттілік тіледі.  Іс-тәжірибесінен "Дебат-заманауи бірегей білім беру технологиясы" тақырыбында тарих пәні мұғалімі  педагог Уринбасаров Б, "Кітап оқу-түлға биігіне баспалдақ" математика пәні мұғалімі, педагог-модератор Даулетбай Ш,  "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Қырық мысал-өмір айнасы» бастауыш пәні мұғалімі, педегог-зерттеуші Қалбергенова А, «Драма-қазақ әдебиетін тиімді оқытудың эксперименттік-педагогикалық құралы"  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, педагог-сарапшы Орысбаева Н  осындай тақырыптарда ой бөлісіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Армысың,әз-Наурыз!» атты тақырыпта жетекшісі Әбдікәлім Г көрініс көрсетті.  Ән көңілдің ажары дегендей, "Жалын"тобының  орындауында және "Самғау" вокалдық ансамблі көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: