09
февраль
2026
`ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК`
«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша өткен қалалық байқауда
7-сынып оқушысы Адилхан Айлин ерекше дарындылығымен көзге түсіп, көркем сөз өнерін терең меңгергені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас өнерпазды байқауға дайындап, шығармашылық бағыт-бағдар берген жетекшісі — Жұмағалиева Гүлбарам.
Оқушымыз бен жетекшісін жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!