Біздің мектепте қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасына арналған әдеби талдау сабағы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға туындының мазмұнын терең түсіндіру, кейіпкерлер әлемін ашу және патриоттық тәрбие беру болды.
Іс-шара барысында:
-
Оқушылар шығарма мазмұнын талдап, кейіпкерлерге мінездеме берді.
-
Аян бейнесі арқылы батылдық, төзімділік, қайсарлық қасиеттері талқыланды.
-
Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі мен қазіргі бейбіт өмір салыстырылды.
-
Шығармадан үзінділер оқылып, көрініс қойылды Тәрбиелік мән:
Шығарма оқушыларды мейірімділікке, достыққа адал болуға, туған жерді қадірлеуге тәрбиелейді. «Жусан иісі» – жүрекке жететін, әр оқырманды ойландыратын туынды.Осындай тағылымы мол әдеби кеш оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытты.