Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұмытылған кітаптарды еске алайық" тақырыбында әдеби-танымдық кездесу.
23
апрель
2025

"Ұмытылған кітаптарды еске алайық" тақырыбында әдеби-танымдық кездесу.

"Ұлттық кітап" күні аясында мектебімізде "Ұмытылған кітаптарды еске алайық" тақырыбында әдеби-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара "Ұлан" балалар газетінің 95 жылдығына орай өткізілді.
Кездесуге 5-сынып жетекшілері мен оқушылары белсене қатысып, мектеп кітапханасымен бірлескен мазмұнды жұмыс атқарды. Оқушылар ұмыт бола бастаған көркем әдеби шығармалар туралы ой бөлісіп, сүйікті кітаптарынан үзінділер оқып, көрініс те қойды.
Іс-шараның қонақтары ретінде "Ұлан" газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова мен "Ұлан"газетінің оранбасары, ақын Аслан Тілегенов арнайы шақырылды. Қонақтар оқушылармен еркін форматта сұхбаттасып, газеттің бай тарихы мен бүгінгі бағыт-бағдары жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ, балалар басылымында жұмыс істеудің қыр-сыры мен журналист болудың жолдары туралы да әңгіме өрбіді.
Бұл кездесу оқушылар үшін рухани серпіліс беріп, кітап пен баспасөздің маңызын тереңірек түсінуге жол ашты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізері анық. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: