"Сейсможаттығу"
Мектебімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы сейсможаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында оқушылар мен педагогтерге жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде пысықталды. Белгі берілген сәттен бастап барлық сыныптар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, белгіленген бағыт бойынша мектеп ауласына ұйымдасқан түрде шығарылды.
Іс-шара барысында тәртіп пен жауапкершілік жоғары деңгейде сақталып, эвакуациялау уақыты бақылауға алынды. Сейсможаттығу оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.
Осындай оқу-жаттығу шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Қауіпсіздік – басты назарда!