02
март
2026
«Елсана» газетінің жаңа саны жарық көрді
Мектебімізден шығатын «Елсана» мектеп газетінің ақпан айындағы кезекті саны жарық көрді. Бұл басылымда мектеп өміріндегі жаңалықтар, оқушылардың жетістіктері, шығармашылық жұмыстары мен танымдық мақалалар жарияланды.
Айта кету керек, «Елсана» газеті тиісті министрліктің рұқсатымен тіркеліп, арнайы куәліктерімен бекітілген мектеп басылымы болып табылады.
Газет – оқушылардың шығармашылығын дамытуға, олардың ой-пікірін еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды ақпараттық алаң. Алдағы уақытта да «Елсана» газеті оқырмандарына қызықты әрі пайдалы материалдар ұсынуды жалғастырады.