26
февраль
2026
Ашық сабақ
Онкүндік аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Ермекқызы Айерке «Peter Pan» шығармасы бойынша мазмұнды ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың мәтінді терең түсінуіне ықпал етіп, жаңа сөздерді меңгеру арқылы ағылшын тілінде еркін ой білдіру дағдыларын дамыту болды. Сабақ барысында білім алушылар топтық және жұптық жұмыстарға белсенді қатысып, мәтінмен және сөздікпен жүйелі жұмыс жүргізді. Сонымен қатар, шығарма авторы — J. M. Barrie туралы мәліметтермен танысып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, өз пікірлерін ортаға салды.