03
март
2026
Сыныптан тыс іс-шаралар
03.03.2026ж. 10- сынып оқушыларына арналған «Литература и искусство» атты ауызша журнал, тілдердің қоғамдағы маңызын түсіндіруге, үштілділік саясатының мәнін ашуға және оқушылардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында суретші-передвижниктердің шығармашылығы мен өнер туындыларына арналған викторина ерекше қызығушылық тудырды. Викторина сұрақтары алынған білімді бекітуге және тыңдаушылардың назарын белсендіруге көмектесті. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар «Әдебиет білгірі» медальдарымен марапатталды. Бұл қатысушылар арасында жарыс атмосферасын қалыптастырып, олардың белсенділігін арттырды.