«Филология және цифрлы дәуір» онкүндік бағдарламасының қорытынды кезеңінде салтанатты жабылуы
05.03.2026ж.Филология кафедрасының «Филология және цифрлы дәуір» онкүндік бағдарламасының қорытынды кезеңінде салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Бұл кезеңде өткізілген іс-шаралардың нәтижелері талданып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.Онкүндік аясындағы маңызды мәдени іс-шаралардың бірі – салтанатты жабылу рәсімі болды. Бұл кеш «Сөз патшалығы мен саз әлемі» атты әдеби-сазды кездесу форматында ұйымдастырылды. Іс-шараның құрметті қонағы – әнші-композитор, термеші, мәдениет қайраткері Естай Әликеев болды.Кездесу барысында өнер иесі оқушыларға ұлттық өнердің, дәстүрлі ән мен терме өнерінің маңызы туралы айтып, өзінің шығармашылық жолы мен өнердегі тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар кеш барысында қонақтың орындауындағы әндер мен термелер оқушыларға ерекше әсер қалдырды.Аталған мәдени кездесу оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Жалпы алғанда, оқушылар мен қонақ арасындағы кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды өтті. Бұл шара онкүндіктің қорытындысын айшықтап, филология мен өнердің өзара байланысын көрсеткен маңызды мәдени оқиғаға айналды.