Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум
31
март
2026

Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум

Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум аясында №139 мектеп-гимназиясының мұғалімдері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Форум барысында мектеп ұстаздары екі бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, жаратылыстану кафедрасының мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері өз жобаларын ұсынып, қорғады. Ұсынылған жобалар мазмұндылығы мен жаңашылдығы жағынан жоғары бағаланып, үздік деп танылды.

Іс-шара барысында педагогтар өзара тәжірибе алмасып, заманауи білім беру үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде STEM-білім беру бағытындағы кәсіби дамуға жаңа серпін берді.

Форум қорытындысы бойынша қатысушы мұғалімдер арнайы сертификаттармен марапатталды.

№139 мектеп-гимназиясы ұжымы алдағы уақытта да білім беру саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асырып, сапалы білім беруге өз үлесін қоса бермек. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: