19
март
2026
"Таза табиғат-жарқын болашақ" тақырыбында танымдық дәріс
19 наурыз-Жаңару күні. Осы атаулы күнге орай А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының оқушыларына "Таза табиғат-жарқын болашақ" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәрісті ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, "Топырақ экологиясы" бөлімінің бас ғылыми қызметкері Бейсеева Гульжан Бейсеевна жүргізді. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау,табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, табиғатты сақтаудың тиімді жолдарын талқылады. Табиғатты қорғау-әрқайсымыздың ортақ міндеттіміз! Табиғатты аялау-болашаққа жасалған қамқорлық.