5 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Жусупова Жанардың жетекшілігімен «Samal» су зауытына танымдық экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар өндіріс процесімен жақын танысып, ауыз судың қалай тазартылып, бөтелкеге құйылатынын өз көздерімен көрді.
Зауыт мамандары оқушыларға судың сапасын тексеру кезеңдері, заманауи технологиялар мен санитарлық талаптар туралы жан-жақты мәлімет берді. Балалар экскурсия барысында қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Аталған іс-шара оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңызын түсінуге ықпал етті. Экскурсия әсерлі әрі пайдалы өтті.