Жалпықалалық төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Мектебімізде жалпықалалық төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес негізінде сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі басшылық құрамның, педагогтердің және оқушылардың іс-әрекеттерін жетілдіру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттау және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру. Оқу-жаттығу барысында дабыл беру жүйесі іске қосылып, оқушылар мен қызметкерлерге жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Белгіленген бағыт бойынша эвакуация ұйымдастырылып, барлық қатысушылардың жедел әрі үйлесімді әрекет етуі пысықталды.
Сейсможаттығу жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар мен ұжым мүшелері белсенділік танытты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауға, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдай білуге және азаматтық қорғанысқа дайындықты нығайтуға бағытталған.