15
май
2026
“Жұлдыздар шеруі-2026” атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Мамыр айының 15 жұлдызында мектебімізде жарқыраған сәттер мен ұмытылмас эмоцияларға толы “Жұлдыздар шеруі-2026” атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл жай ғана марапаттау емес, қажымас қайрат, шынайы талант пен ерен еңбектің салтанат құрған сәті.
Салтанатты шеруде Олимпиада, түрлі ғылыми жобалар, әдебиеттік оқулар, қашықтық олимпиадалары, түрлі байқаулар мен спорт, ән, би, домбыра үздіктері марапатталған тарихи сәттің куәгері болдыңыздар.
Бүгінгі жеңімпаздар болашақтың айнасы, еліміздің жарық жұлдызы, ел үміті. Біз жарық жұлдыздарымызбен мақтанамыз!
