25
май
2026
Сынып сағаттары.
25 мамырда 1-11 сыныптарда бірыңғай "Заң және тәртіп - халықтық Конституция құндылықтары" тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
Сабақтардың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияда бекітілген азаматтық құндылықтарды насихаттау және заңға құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға құқық пен міндет, әділдік, тәртіп, жауапкершілік және ел бірлігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар түрлі пікірталастар, танымдық ойындар мен тәрбиелік әңгімелер ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
