21
февраль
2025
"Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу"
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары Азимбаева Лилия Нармамбетовна, Жусупова Мариям Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап қайтты.
Кездесу барысында ардагерлер өз өмір жолы, көрген қиындықтары мен жеткен жетістіктері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Жас ұрпаққа өнегелі өсиеттерін айтып, патриоттық рух пен адамгершілік құндылықтарды насихаттады.Еліміз әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені болсын!
