Қоғамдық - гуманитарлық пәндер онкүндігі.
М.Мақатаевтың 95 жылдығына орай "Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Адамның сәби кезінен бастап қарттығына дейін жырлап өткен ақын өлеңдерінің құндылығына сүйене отырып композиция жасалды. "Сенің көзің", "Жалаң аяқ қыз", "Мен деп ойла", "Есіңе мені алғайсың", "Отыздан асып барамын", "Отан" әндері шырқалып, "Арыз жазып кетейін", "Ұнатамын мен сені", "Өз-өзіңді жақсы көр", "Шеше, сен бақыттысың" поэзиялары оқылып, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы сахналанды.