Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
"Мектебіміздің мақтанышы"
23
март
2025
"Мектебіміздің мақтанышы"
Қабдош Арслан – ҚР чемпионатының күміс жүлдегері! 7-сынып оқушысы Қабдош Арслан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 49 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленді! Бұл – табандылық пен еңбектің жемісі! Арсланның алар асуы әлі алда! Жеңісің құтты болсын!  
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
20
март
2025
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. 22 наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
20
март
2025
"ТАЗА БЕЙСЕНБІ"
Мәдениеттің бастауы-тазалықта. Мектебімізде әр бейсенбі-Тазалық күні.Оқушыларымыз мектепішілік тазалық жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты: Еңбекке баулу арқылы оқушыларды оқу кабинеттеріне тазалық жүргізіп, өздерінің отыратын орнын таза ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. 
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20
март
2025
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні”
20 наурыз- "Ұлттық ойындар күні” Ұлттық ойындар-әр халықтың мәдениетінің тарихының айнасы.Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабамыздың ерліктері мен болмысын танытады.20 наурыз біздің мектепте ерекше күн өтті.Бұл күні “Ұлттық ойындар” күні ретінде аталып өткізілді.Оқушыларымыз еркін күреске белсене қатысып,ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға үлкен үлес қосты. 
"Бұрымды қыз" челленджі
19
март
2025
"Бұрымды қыз" челленджі
  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын дәріптеу мақсатында Наурыз- «отаншылдық пен тәуелсіздік» айының 19-і күні  қыздарымыз «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. Мақсаты: -Қазақ қызының ұлттық сипатын, қазақ қызына тән иба, инабаттылықты нәсихаттау; -Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. 
8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен дәрістер жүргізілді.
18
март
2025
8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы
 19-20 Наурыз күндері 8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен дәрістер жүргізілді.  Тренингтер барысында әртүрлі тақырыптар талқыланып, жасөспірімдер арасында психологиялық қауіпсіздік, өзін-өзі бағалау және өзара қолдау көрсету дағдылары жайында маңызды ақпарат берілді. Психологтар аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу жолдары туралы кеңес беріп,
"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні" атты тәрбие сағаты
17
март
2025
"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні" атты тәрбие сағаты
⚜️Білім алушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  мектеп-гимназиямызда ашық  тәрбие сағаттары өткізілді. ⚜️Тәрбие сағаты барысында білім алушылар қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлеу керектігін түсініп, мерекеге байланысты өз өнерлерімен бөлісті. 
“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады”
07
март
2025
“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады”
Сабыр мен төзімнен жаралған, әрбір шаңыраққа нәр берген, бар қиындықты төзіммен көтере білген, әр әулеттің абыройын асқақтатқан, ағайынның ынтымағын арттырған, өмірге ұлды да, қызды да әкелген, отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын, шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең ұстап отырған аяулы да ардақты алтын құрсақты АНАЛАР мерекесі қарсаңында 7 наурыз күні N139 мектеп-гимназиямызда  “Бәрі де, Ана бір өзіңнен басталады” атты ұстаздарымызға, ардақты аналарымызға,
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем"
28
февраль
2025
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем"
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем" 7-сынып оқушыларымен бірге маңызды тақырыпта тренинг өтті. «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» атты шарада балалар отбасындағы сыйластық, түсіністік және мейірімділік құндылықтары жайлы ой бөлісті.  
Алғыс айту – жүректен!
28
февраль
2025
Алғыс айту – жүректен!
 💖 2 «А» сыныбы өз ұстаздары мен мектеп қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді! 🌸 Балалардың жүрекжарды сөздері мен жылы лебіздері – ең үлкен қуаныш. Мұғалімдер мен мектеп ұжымы үшін бұл баға жетпес сый! Рақмет айту – мейірім мен ізгіліктің белгісі. Осындай ақжарма тілектер әрдайым көбейе берсін! 😊💐 Сынып жетекшісі: Әбдіхашім Г.Ә.