11
апрель
2025
"ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ"
Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-анасы қалыптастырады. Бала ата-анасының өнегелі әңгімелерін, шежірелерін тыңдап өседі. Өмірден көргені мен түйгені мол тәрбиелеген бала сөздің қадірін білетін болады. Осы мақсатта ұйымдастырылып жатқан “Өнегелі 15 минут” шарасы біздің сынып оқушыларының отбасыларында жалғасын табуда. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай 1 "Б" сынып оқушысы Атабек Алинұрдың әкесі күн сайын уақыт бөліп, ақылын айтып, білгенін үйретуде. Алинұр да ата-анасынан алған ұлттық құндылықтарды бойын сіңіріп өсетініне кәміл сенеміз. Сынып жетекшісі:Ражанова Жанар