Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2026 года » Страница 3
«Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар әлемінде»
13
февраль
2026
«Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар әлемінде»
 Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар тақырыбында көңілді үзіліс өткізілді. Оқушылар түрлі смайликтер арқылы өз сезімдерін білдіріп, эмоцияларды ажырату және түсіну дағдыларын дамытты. Іс-шара балаларға жағымды көңіл күй сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтты.  
6–7 сынып оқушыларымен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренингтер өткізілді.
13
февраль
2026
6–7 сынып оқушыларымен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған
Тренинг барысында оқушылар өз сезімдерін тану, эмоцияларын басқару, өзара сыйластық пен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту бағытында жұмыс жасады. Сабақтар оқушылардың бір-бірін түсінуіне және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.  
Жусан иісі шығармасын талдау – мектептегі рухани кеш
13
февраль
2026
Жусан иісі шығармасын талдау – мектептегі рухани кеш
Біздің мектепте қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбеков тің «Жусан иісі» шығармасына арналған әдеби талдау сабағы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға туындының мазмұнын терең түсіндіру, кейіпкерлер әлемін ашу және патриоттық тәрбие беру болды.  Іс-шара барысында: Оқушылар шығарма мазмұнын талдап, кейіпкерлерге мінездеме берді. Аян бейнесі арқылы батылдық, төзімділік, қайсарлық қасиеттері талқыланды. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі мен қазіргі бейбіт өмір салыстырылды. Шығармадан
Жетістік жаңалығы!
11
февраль
2026
Жетістік жаңалығы!
«Көркем еңбек» пәні бойынша І қалалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 6 «Б» сынып оқушысы Сариева Айбике қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІ орын иеленді.Оқушымыз қалалық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің намысын қорғайтын болады. Жетекшісі – пән мұғалімі Камал Данагүл. Айбике мен жетекшісіне алдағы кезеңде сәттілік пен толағай табыс тілейміз! 🌟  
Ашық сабақ "Үйсіндер туралы жазба деректер"
10
февраль
2026
Ашық сабақ "Үйсіндер туралы жазба деректер"
Біздің мектепте 5 «Ә» сыныбымен «Үйсіндер туралы жазба деректер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – ежелгі үйсін тайпалары туралы тарихи мәліметтермен таныстыру, жазба деректердің маңызын түсіндіру және оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға нақты жауап берді, өз ойларын еркін жеткізді. Ашық сабақ мазмұнды әрі тартымды өтті. Осындай танымдық сабақтар алдағы уақытта да жалғасын табады.  
«Баланың танымдық процестерін (зейін, ес, ойлау) тиімді дамыту жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.
10
февраль
2026
«Баланың танымдық процестерін (зейін, ес, ойлау) тиімді дамыту
Ата-аналарға арналған үлестірмелі материалдар дайындау және «Баланың танымдық процестерін (зейін, ес, ойлау) тиімді дамыту жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.