Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2026 года » Страница 4
`ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК`
09
февраль
2026
`ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК`
«Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша өткен қалалық байқауда 7-сынып оқушысы Адилхан Айлин ерекше дарындылығымен көзге түсіп, көркем сөз өнерін терең меңгергені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.     Жас өнерпазды байқауға дайындап, шығармашылық бағыт-бағдар берген жетекшісі — Жұмағалиева Гүлбарам. Оқушымыз бен жетекшісін жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!  
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер онкүндігі.
09
февраль
2026
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер онкүндігі.
М.Мақатаевтың 95 жылдығына орай "Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Адамның сәби кезінен бастап қарттығына дейін жырлап өткен ақын өлеңдерінің құндылығына сүйене отырып композиция жасалды. "Сенің көзің", "Жалаң аяқ қыз", "Мен деп ойла", "Есіңе мені алғайсың", "Отыздан асып барамын", "Отан" әндері шырқалып, "Арыз жазып кетейін", "Ұнатамын мен сені", "Өз-өзіңді жақсы көр", "Шеше, сен бақыттысың" поэзиялары оқылып, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы сахналанды.
Мектепішілік "Жігіт сұлтаны" сайысы.
06
февраль
2026
Мектепішілік "Жігіт сұлтаны" сайысы.
А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиямызда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ер азаматтың ел алдындағы парызын, батырлық рухын, жауапкершілігін дәріптеу мақсатында "Ел қорғаған - ер жігіт" тақырыбында мектепшілік жігіт сұлтаны сайысы өткізілді.  
«ЕББҚ бар балаларға оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (саралап және даралап оқыту)»
03
февраль
2026
«ЕББҚ бар балаларға оқыту процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыруда саралап және даралап оқытудың тиімді тәсілдерін көрсету, педагогтердің күнделікті сабақта оқу тапсырмаларын бейімдеу бойынша практикалық құзыреттерін арттыру, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.