Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні мұғалімдерінің онкүндігі
23
февраль
2026

Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні мұғалімдерінің онкүндігі

Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен тығыз байланысты жаңғыру кезеңін бастан өткеруде. Ақпараттық қоғамда шет тілдерін меңгеру тек коммуникативтік қажеттілік қана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды құралға айналды. Осы мақсатта мектепте 23.02-05.03.2026ж.«Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні мұғалімдерінің онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік шеңберінде өткізілген іс-шаралар оқушылардың тілдік білімін тереңдетуге, цифрлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ педагогтердің тәжірибе алмасуына бағытталды.Онкүндіктің басты мақсаты – шет тілдерінің қазіргі цифрлық қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды саналы әрі жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар жоспарланған іс-шаралар цифрлық ресурстарды шет тілдерін үйрену барысында тиімді пайдалану, топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру, филология ғылымының қазіргі даму бағыттарымен таныстыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру міндеттерін жүзеге асыруға бағытталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: