“Топырақ - тіршілік негізі” тақырыбында топырақтану институтының ғалымдарымен дөңгелек үстел өтті.
📍 Алматы қаласы, №139 мектеп-гимназиясында 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Топырақ - тіршілік негізі” тақырыбында топырақтану институтының ғалымдарымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге Өмірбек Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының білікті ғалымдары арнайы келіп, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Ғалымдар топырақтың маңызы, экология, табиғатты қорғау және ғылымның қоғамдағы рөлі туралы құнды мәліметтер ұсынды.
✨ Оқушылар үшін бұл кездесу үлкен мотивация мен жаңа білім көзі болды. Олар ғылымға қызығушылық танытып, болашақ мамандық туралы ой түйді.
🌍 Бүгінгі кездесудің басты ойы:
Топырақ — тіршіліктің негізі, ал ғылым — жарқын болашақтың кілті!
Осындай маңызды кездесуге уақыт бөліп келген ғалымдарға алғыс білдіреміз!