Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 48
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
06
февраль
2023
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
5 сынып отбасылары арасында "Отбасылық таланттар" атты  шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру мен отбасы институтын нығайту. Тәлімді отбасыларды тағылым төріне сүйреп, жанұя мүшелеріне түгел қуаныш сыйлаған мерекелік шара аясында викториналық сұрақтар, түрлі байқаулар мен отбасылардың өнерлері ортаға салынды. Фестивальге 5 сынып отбасылары белсене қатысты.  
Жас ғалымдармен кездесу
30
январь
2023
Жас ғалымдармен кездесу
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне орай 10-11 сынып оқушыларымен "Ғалым болам десеңіз..." атты тақырыпта жас ғалымдармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларды физика, химия және биология ғылымдары саласындағы ғалымдарымен таныстыру, оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуіміздің қонақтары: Нурбакова Гулия Серикмухаметовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ прфессор м.а. "Физика" бойынша халықаралық олимпиадаларға
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна саяхат
29
январь
2023
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна саяхат
Рухани дүниетанымын, мәдени, танымдық көзқарастарын дамыту, сынып арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында 9 сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна барып, І.Жансүгіровтың “Құлагер” қойылымын тамашалап қайтты. Қойылымнан алған әсерлері жайлы ой бөлісті.  
№3 қыздар жиналысы
29
январь
2023
№3 қыздар жиналысы
№3 қыздар жиналысы 5-8 сыныптар арасында "Тазалық- денсаулық кепілі" тақырыбында өткізілді. Мақсаты: денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағзаға қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты
№3 Ұлдар жиналысы
17
январь
2023
№3 Ұлдар жиналысы
17-20 қаңтар күндері 5-11 сынып ұлдарына №3 ұлдар жиналысы "Заң бәріне ортақ" тақырыбында өткізілді. Оқушылардың құқығы, заң тақырыбында оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
Ғылыми-жаратылыстану кафедра әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу сәті.
16
январь
2023
Ғылыми-жаратылыстану кафедра әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің
"Табиғат-адам заттың өмір нәрі,қажеттінің табылар содан бәрі" тақырыбындағы ғылыми-жаратылыстану кафедра әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу сәті.  
Қош бол құтты әліппем
10
январь
2023
Қош бол құтты әліппем
 1-ші сыныптардың “Қош бол, құтты әліппем!” атты әліппемен қоштасуы Мақсаты: оқушылардың білімдерін бекіту, алған білім, білік дағдыларын көрсету, дамыту.   
Ғибрат театрының жетекшілігімен Байсакалов Төлепберген актермен кездесу кеші өтті.
28
декабрь
2022
Ғибрат театрының жетекшілігімен Байсакалов Төлепберген актермен
   28.12.2022 жылы Ғибрат театрының жетекшілігімен Байсакалов Төлепберген актермен кездесу кеші өтті.Кеште "Ғибрат" театрының бір жылдық есебі өтіп,оқушылармен мұғалімдерді марапаттады.Байсакалов Төлепберген оқушыларға "актерлік шеберлік" жайлы сабақ өтті.Актерге оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып,кеш қызықты өтті.     
1-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
26
декабрь
2022
1-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
26-28.12.2022 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.Мерекеде Ертөстік батыр,Аяз ата,ақшақар,барыс,қоян,гриндж,эльза кейіпкерлері өнер көрсетті.Жаңа жылдық шырша мерекесін оқушылар ерекше көңіл күймен қарсы алды.