Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-шеберлерге арналған онлайн семинар
02
май
2025

Педагог-шеберлерге арналған онлайн семинар

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 17 сәуірде педагог-шеберлермен кездесуде берген тапсырмасын орындау мақсатында, 2025 жылғы 2 мамыр күндері Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының ерекшеліктерін педагог-шеберлерге түсіндіру бойынша онлайн семинарларға А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның педагог-шеберлері Мухатаева Н.Н., Булегенова З.Т., Шамшаева П.Ж. қатысты. Онлайн семинарда оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасындағы өзгерістердің қалай жүзеге асатыны туралы ақпарат берілді. Оқу пәндерінің мазмұны туралы өзгерістер, барлық пәндер бойынша критериалды бағалауды жүзеге асыру, білім алушылардың академиялық адалдықты қалыптастыру және кәсіби бағдар беру  ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауап берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: