Бүгін 07.10 - 17.10 аралығында өткізілген “Білім шыңының баспалдағы - бастауыш” атты бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Іс-шарада апта дәйексөзіне сәйкес патриоттық әндер шырқалып, биылғы оқу жылындағы маңызды атаулы күндер де назардан тыс қалмады. Бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарына түрлі викториналық сұрақтар мен ойындар ойнатылып, белсенді қатысқандарға сый таратылды. ✨ Осы кештің арнайы шақырылған қадірлі қонағы Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы
2024 жылдың 27 мамырынан мектеп-гимназияда білім сапасын арттыру мақсатында және негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2-8,10 сыныптардың білім алушылары үшін жазғы мектеп жұмысын бастады.
Халық арасында қауіпсіздік мәдениетін оқыту және арттыру мақсатында:Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 21 мамырда сағат 10.00 және 15:00 де Алматы қаласында №139 мектеп-гимназияда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.
А.Байтұрсынов атындағы N139 мектеп-гимназияда GIBRAT театрының "Жасын" қойылымы мен салтанатты марапаттау өтті. Кеш қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,театр және кино актері Бауыржан Қаптағай Театр және кино актері Нұржан Садыбеков Театр және кино актері Қуандық Жүнісов
Оқушыларға болашақ мамандық туралы ақпарат беру және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында: 2024 жылдың 26 сәуірінде Алматы көпсалалы коледжінің базасында «Менің болашақ мамандығым» атты қалалық фестивальге 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.
Тақырыбы:Адал еңбек Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
Мақсаты: - білім алушылардың экологиялық білімдерін тереңдету; - табиғаттың әртүрлі көріністеріне танымдық қызығушылықты дамыту; - қоршаған ортаның жай-күйіне жауапты, табиғат байлықтарына ұқыпты қарайтын экологиялық сауатты, әлеуметтік белсенді оқушыны тәрбиелеу.
Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында “Өз жұлдызыңды жақ” қалалық жас педагогтер байқауының аудандық кезеңі 139 МГ өтті.