№175 Жаңа Ғасыр мектебінде «Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма?» тақырыбында мазмұнды әрі тартымды дебат ұйымдастырылды. Пікірталас барысында қатысушылар заманауи технологиялардың білім беру саласына ықпалы, мұғалімнің рөлі мен адам факторының маңыздылығы жөнінде өз ойларын дәлелдермен жеткізді.
Дебат қорытындысы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен мұғалімдеріміз Уринбасаров Б., Балтабекова А., Мухамет А., Дәулетбай Ш. Бас жүлдеге ие болды.
Аталған шара ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуына, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылауға үлкен мүмкіндік берді.