Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
Сандық ғасырдағы сөз мәдениеті» атты семинар
24
февраль
2026
Сандық ғасырдағы сөз мәдениеті» атты семинар
24.02.2026ж.Онкүндік аясында өткізілген «Сандық ғасырдағы сөз мәдениеті» атты семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинар барысында қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде пайдалану жолдары және тіл мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Семинардың барысында мұғалімдердің көңіл күйін сұрап, тақырыппен шақыру билетіндегі QR кодтарды сканерлеу арқылы таныстырды.
"Сейсможаттығу"
24
февраль
2026
"Сейсможаттығу"
Мектебімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен педагогтерге жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде пысықталды. Белгі берілген сәттен бастап барлық сыныптар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, белгіленген бағыт бойынша мектеп ауласына ұйымдасқан түрде шығарылды. Іс-шара барысында тәртіп пен
Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні мұғалімдерінің онкүндігі
23
февраль
2026
Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні
Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен тығыз байланысты жаңғыру кезеңін бастан өткеруде. Ақпараттық қоғамда шет тілдерін меңгеру тек коммуникативтік қажеттілік қана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды құралға айналды. Осы мақсатта мектепте 23.02-05.03.2026ж.«Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні мұғалімдерінің онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік шеңберінде өткізілген іс-шаралар
«A Funny Character» тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді
20
февраль
2026
«A Funny Character» тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ
Онкүндік аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Батырханова А.А- 3 "Ә" сынып оқушыларымен «A Funny Character» тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың body parts тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейту, “has got / hasn’t got” грамматикалық құрылымын дұрыс қолдануға үйрету, сондай-ақ оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу, шығармашылық ойлау және қиялын дамыту болды.  
Ашық тәрбие сағаты«Адалдық пен ар-ождан» .
16
февраль
2026
Ашық тәрбие сағаты«Адалдық пен ар-ождан» .
Мектебімізде «Адалдық пен ар-ождан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, ар-ождан ұғымының мәнін түсіндіру болды. Іс-шара барысында оқушылар адалдық туралы өз ойларымен бөлісіп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы өмірлік мысалдарды талқылады. Белсенділік танытып, пікір алмасу мәдениетін көрсетті. Тәрбие сағаты оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік
11-сынып оқушыларымен «Өмірімнің бақытты сәттері» тақырыбында тренинг өтті.
13
февраль
2026
11-сынып оқушыларымен «Өмірімнің бақытты сәттері» тақырыбында тренинг
Тренинг барысында оқушылар «Мені не бақытты қылады?» деген сұраққа жауап беріп, өз сезімдері мен ойларын білдірді. Сонымен қатар, олар аналарынан алған жылы хаттарды оқып, жағымды эмоциялар мен сенімділік сезімін арттырды.  
«Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар әлемінде»
13
февраль
2026
«Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар әлемінде»
 Бастауыш сынып оқушыларымен эмоциялар тақырыбында көңілді үзіліс өткізілді. Оқушылар түрлі смайликтер арқылы өз сезімдерін білдіріп, эмоцияларды ажырату және түсіну дағдыларын дамытты. Іс-шара балаларға жағымды көңіл күй сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтты.  
6–7 сынып оқушыларымен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренингтер өткізілді.
13
февраль
2026
6–7 сынып оқушыларымен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған
Тренинг барысында оқушылар өз сезімдерін тану, эмоцияларын басқару, өзара сыйластық пен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту бағытында жұмыс жасады. Сабақтар оқушылардың бір-бірін түсінуіне және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.  
Жусан иісі шығармасын талдау – мектептегі рухани кеш
13
февраль
2026
Жусан иісі шығармасын талдау – мектептегі рухани кеш
Біздің мектепте қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбеков тің «Жусан иісі» шығармасына арналған әдеби талдау сабағы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға туындының мазмұнын терең түсіндіру, кейіпкерлер әлемін ашу және патриоттық тәрбие беру болды.  Іс-шара барысында: Оқушылар шығарма мазмұнын талдап, кейіпкерлерге мінездеме берді. Аян бейнесі арқылы батылдық, төзімділік, қайсарлық қасиеттері талқыланды. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі мен қазіргі бейбіт өмір салыстырылды. Шығармадан
Жетістік жаңалығы!
11
февраль
2026
Жетістік жаңалығы!
«Көркем еңбек» пәні бойынша І қалалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 6 «Б» сынып оқушысы Сариева Айбике қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІ орын иеленді.Оқушымыз қалалық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің намысын қорғайтын болады. Жетекшісі – пән мұғалімі Камал Данагүл. Айбике мен жетекшісіне алдағы кезеңде сәттілік пен толағай табыс тілейміз! 🌟