Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 7
"БАБАЛАР АМАНАТЫ" байқауы
12
декабрь
2025
"БАБАЛАР АМАНАТЫ" байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен аймақтық «Бабалар аманаты» байқауында мектебіміздің абыройын асқақтатқан Синасап Нұргүл «Ғалымның хаты өлмейді» бағыты бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – ұстаздың терең білімінің, шығармашылық ізденісінің және ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан еңбегінің жемісі. Мектеп ұжымы атынан Синасап Нұргүлді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер және толағай жетістіктер тілейміз!   
"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
12
декабрь
2025
"АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ"
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Абыройлы ұстаз» атты қалалық байқауда «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Балтабекова Айым жүлделі III орынды иеленді. Байқау барысында әріптесіміз өзінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл әдіс-тәсілдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз!  
"Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" 2025-2026 оқу жылы
11
декабрь
2025
"Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" 2025-2026 оқу жылы
11.12.2025ж күні  мектебімізде 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу үдерісін талқылауға арналған кіші педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, әкімшілік мүшелері және ата-аналар қатысты. Жиын барысында бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде оқушылардың психологиялық, әлеуметтік, оқу-танымдық ерекшеліктері қарастырылып, бейімделу барысы жан-жақты талданды. Қатысушылар 5-сыныптан алынған бақылау, диагностика, оқушылардың оқу жетістіктері мен тәртіп
«Мектепте жоспарлы сейсможаттығу ұйымдастырылды»
09
декабрь
2025
«Мектепте жоспарлы сейсможаттығу ұйымдастырылды»
Бүгін мектебімізде төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоспарлы сейсможаттығу өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, эвакуация жолдарын практикалық түрде орындады. Жаттығу белгіленген уақыт ішінде жүйелі әрі тәртіпті түрде өткізіліп, қатысушылардың дайындық деңгейі тексерілді. Мұндай шаралар мектеп қауымдастығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқушылардың төтенше жағдайда
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тиімді жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар.
27
ноябрь
2025
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тиімді жұмыс істеу
Инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында мектебімізде аудандық «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тиімді жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.Іс-шара барысында ЕББҚ бар балалармен жұмыстың өзекті мәселелері талқыланып, тиімді практикалық әдістер көрсетілді. Мұғалімдер оқыту процесін бейімдеу, жеке білім беру траекторияларын құру, қолдау шараларын ұйымдастыру және тиімді коммуникация тәсілдерін қолдану бағытында құнды ақпарат алды.Әр балаға қолайлы орта
Ұлдар жиналысы
19
ноябрь
2025
Ұлдар жиналысы
«Жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына №2 ұлдар жиналысы өтті. Мақсаты: Ұлдарды жағымсыз, зиянды әрекеттерден (тәртіпсіздік, дөрекілік, әдепсіздік, әлімжеттік, дөрекі сөйлеу, жаман әдеттер т.б.) аулақ болуға ынталандыру. Жауапкершілік, тәртіп, әдеп, мәдениетті мінез-құлық қалыптастыру. Қоғамда, мектепте және отбасында үлгілі, парасатты ер бала болудың маңызын түсіндіру. Міндеттері: Жағымсыз әрекеттердің түрлерін түсіндіру – олардың салдары мен қауіптілігін
ЕББҚ бар оқушылардың ата-аналарына арналған семинар өткізілді
18
ноябрь
2025
ЕББҚ бар оқушылардың ата-аналарына арналған семинар өткізілді
Семинар тақырыбы: «ЕББҚ бар оқушылардың үй тапсырмасын тиімді ұйымдастырудың әдістері мен ата-аналарға арналған ұсынымдар». Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың үй тапсырмаларын тиімді ұйымдастыру жолдары, ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Қатысушыларға тәжірибелік кеңестер беріліп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу жүргізілді.  
Жаңа ортаға бейімделу: 5-сыныптармен тренинг өтті
13
ноябрь
2025
Жаңа ортаға бейімделу: 5-сыныптармен тренинг өтті
«Менің жаңа ортам» тақырыбында 5-сыныптармен бейімделу тренингі өтті. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жаңа ортада өздерін еркін сезіну, қарым-қатынас құру және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған ойындар орындады. Жылы атмосфера мен позитивке толы тренингтік сабақтар балаларға жақсы әсер қалдырды.  
2-3 сынып оқушыларынан «Мектеп мотивациясы» сауалнамасы алынды
11
ноябрь
2025
2-3 сынып оқушыларынан «Мектеп мотивациясы» сауалнамасы алынды
2–3 сынып оқушыларынан мектеп мотивациясының деңгейін анықтауға арналған Н.Г. Лусканова сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижелері оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылық деңгейін, сабаққа қатынасы мен мектепке бейімделу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Алынған мәліметтер негізінде оқушыларға қажетті психологиялық қолдау бағыттары айқындалды.  
Ата-аналар жиналысында психологиялық кеңестер ұсынылды
06
ноябрь
2025
Ата-аналар жиналысында психологиялық кеңестер ұсынылды
Мектеп психологтары ата-аналар жиналысына қатысып, оқушылардың эмоционалдық жай-күйі мен бейімделу ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Баланың дамуы-мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегі. Сонымен қатар, ата-аналарға жасөспірімдермен қарым-қатынасты нығайтуға арналған психологиялық кеңестері бар ақпараттық бюллетень таратылды. Мақсат-өзара түсіністік пен сенімді арттыру.