Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
02
апрель
2026
10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
10-сынып оқушыларымен тест нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараны мектеп директоры Е.Н. Қуатбеков өткізіп, оқушылардың білім деңгейіне жан-жақты сараптама жасады. Талдау барысында пәндер бойынша жіберілген қателіктер қарастырылып, әр оқушыға жеке кері байланыс берілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру мақсатында нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдарлар ұсынылды. Бұл жұмыс оқушылардың өз біліміндегі олқылықтарды анықтап, алдағы уақытта нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.  
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум
31
март
2026
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум аясында №139 мектеп-гимназиясының мұғалімдері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Форум барысында мектеп ұстаздары екі бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, жаратылыстану кафедрасының мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері өз жобаларын ұсынып, қорғады. Ұсынылған
Эмоционалды интеллект» олимпиадасы
31
март
2026
Эмоционалды интеллект» олимпиадасы
Қалалық «Эмоционалды интеллект» олимпиадасында мектебіміздің оқушылары білім мен зеректіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша: Тимурұлы Мұхамедқасым – І орын, Маркен Алихан – ІІ орын, Акишева Аяна – ІІІ орын иегері атанды. Оқушыларымыздың табандылығы мен үздік нәтижесі – үлкен еңбектің жемісі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беріңіздер! 🌟💐  
«Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара өтті.
27
март
2026
«Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара өтті.
«Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара өтті. Онкүндік аясында өткізілген «Ертегілер елінде. In Fairyland» атты сыныптан тыс іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көптілділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.Мұндай іс-шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Іс –шара 5 сынып оқушылар арасында жоғары деңгейде өтті. Барлық 5 сынып оқушылары үлкен
«Будь природе другом» тақырыбында ашық сабақ өтті.
27
март
2026
«Будь природе другом» тақырыбында ашық сабақ өтті.
«Филология және цифрлы дәуір» атты шет тілдер онкүндігінің аясында орыс тілі рәні мұғалімі Доскараева Қарлығаш 4 «В» сыныбында «Будь природе другом» тақырыбында ашық сабақ өтті. (Табиғатпен дос бол). Біз қоршаған ортаға қамқор болудың маңыздылығын талқыладық. Табиғатты қорғау – әр адамның борышы екенін үйрендік: ағаштарды отырғызу, суды үнемдеу, қоқысты дұрыс тастау, жануарларға қамқор болу  
«Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты қалалық байқау
20
март
2026
«Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты қалалық байқау
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері педагогтері арасында өткен қалалық «Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты байқауда мектебіміздің ұстаздары Қырғызбай Ақзат пен Озатбек Ертай жүлделі III орын иеленді. Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌸  
"Таза табиғат-жарқын болашақ" тақырыбында танымдық дәріс
19
март
2026
"Таза табиғат-жарқын болашақ" тақырыбында танымдық дәріс
19 наурыз-Жаңару күні. Осы атаулы күнге орай А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының оқушыларына "Таза табиғат-жарқын болашақ" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәрісті ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, "Топырақ экологиясы" бөлімінің бас ғылыми қызметкері Бейсеева Гульжан Бейсеевна жүргізді. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау,табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, табиғатты сақтаудың
Аудандық семинар
18
март
2026
Аудандық семинар
🎯 Семинардың мақсаты: Біртұтас тәрбие жүйесі арқылы ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи қоғам талаптарына сай тұлға тәрбиелеудің тиімді жолдарын айқындау және педагогтердің тәжірибесін жетілдіру. ✅ Семинардың міндеттері: Ұлттық құндылықтардың тәрбие жүйесіндегі рөлі мен маңызын түсіндіру. Заманауи қоғамдағы тәрбие бағыттарының ерекшеліктерін талдау. Біртұтас тәрбие тұжырымдамасының негізгі қағидаларын меңгерту. Мұғалімдердің тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелерімен бөлісу. Ұлттық және
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ-НАУРЫЗ
17
март
2026
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ-НАУРЫЗ
🎯 Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру және бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. ✅ Міндеттері: Наурыз мерекесінің шығу тарихы мен мән-мағынасын таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау. Ұлттық тағамдар мен ұлттық ойындардың ерекшеліктерін көрсету. Оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру. Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу, үлкенді құрметтеуге
«Ясауитану–2026» республикалық байқауының қалалық кезеңі
17
март
2026
«Ясауитану–2026» республикалық байқауының қалалық кезеңі
6–11 сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі «Ясауитану–2026» республикалық байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы Серікжанқызы Жаннұр жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі – пән мұғалімі Несипбекова Ұ. Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер! 💐