Арнайы педагог, Логопед мамандары «Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру» атты тақырыпта ата-аналармен семинар өтті. Мақсаты: бүгінгі шебер сыныбымыздың мақсаты оқушыларды нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы әдіс- тәсілдерімен таныстыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтылуын дыбысты қойылуын ата- анаға практикалық тәсілі арқылы көрсету.
5-сыныптарда «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» мәнерлеп оқу сайысы өтті. 5-сыныптар арасында дарынды оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. 5 “Г”сынып оқушылары Ерубай Амина,Мұқажан Айша үздік деп танылды.
Оқуға құштар жобасы аясында, 7 сыныптар арасында "Қыз Жібек" жырына талдау жүргізілді. Мақсаты: "Қыз Жібек" жырына толықтауй талдау жасау,жырдың құндылығын дәріптеу, ұлттық дәстүрді дәріптеу,жырдың тәрбиелік мәнін ашу.