Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 03.02.2025
Ашық тәрбие сағаты
03
февраль
2025
Ашық тәрбие сағаты
"Доссыз адам, тамырсыз ағашпен тең" тақырыбында 9 "Ә" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Білім алушыларға достықтың құндылығын түсіндіру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне қолдау көрсету. Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді.   
Сейсмо жаттығу
03
февраль
2025
Сейсмо жаттығу
Мектеп-гимназиямызда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына жалпықалалық «Сейсмо жаттығу» өткізілді. Әр сынып жетекші сынып туралы рапорт беріп, оқушылар «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары» (жер сілкіну, су тасқыны, өрттен сақтану т.б.) тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр сынып жылдам сапқа тұрып, сынып алғашқы көмек жинағы салынған қораптарын бірге алып шықты. Мектеп оқушылары алғашқы көмек қалай жасалатынын көрсетті.  
"Өнер-жұтамас қазына"
03
февраль
2025
"Өнер-жұтамас қазына"
"Өнер жұтамас қазына" атты тақырыпта 6 "Б" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Ашық сабаққа ата-аналарда қатысып, өз ойларымен бөлісті. Апта дәйексөзі: "Жасампаздық-бәрімізге өнеге"  
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
03
февраль
2025
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты 9 "Ә" сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты:Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.  Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.  Халқына қалдырған шоқтығы би  ік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.