Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 28.02.2025
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем"
28
февраль
2025
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем"
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем" 7-сынып оқушыларымен бірге маңызды тақырыпта тренинг өтті. «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» атты шарада балалар отбасындағы сыйластық, түсіністік және мейірімділік құндылықтары жайлы ой бөлісті.  
💫 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 💫
28
февраль
2025
💫 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 💫
💫 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 💫 Бұл ерекше күн – халқымыздың сан ғасырлық тарихында мейірімділік пен қайырымдылықтың, бірлік пен татулықтың айқын көрінісі. «Жақсылық ұмытылмайды» деген ата-бабамыздың дана сөзі бар. Дәл осы мереке – айналамызға алғыс айтып, ризашылық білдіруге, жүректен шыққан жылы сөзімізбен бөлісуге тамаша мүмкіндік. Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың мерекесі. Бір-бірімізге деген мейірім мен қамқорлық ешқашан сарқылмасын!
Алғыс айту – жүректен!
28
февраль
2025
Алғыс айту – жүректен!
 💖 2 «А» сыныбы өз ұстаздары мен мектеп қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді! 🌸 Балалардың жүрекжарды сөздері мен жылы лебіздері – ең үлкен қуаныш. Мұғалімдер мен мектеп ұжымы үшін бұл баға жетпес сый! Рақмет айту – мейірім мен ізгіліктің белгісі. Осындай ақжарма тілектер әрдайым көбейе берсін! 😊💐 Сынып жетекшісі: Әбдіхашім Г.Ә.
Іс-тәжірибені қала мұғалімдеріне тарату
28
февраль
2025
Іс-тәжірибені қала мұғалімдеріне тарату
Алматы қаласы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі" атты қалалық музыка пәні мұғалімдеріне арналған ғылыми-практикалық семинарында N139 мектеп гимназиясының музыка пәні мұғалімі Машербаев Нұрсұлтан Болатұлының вокал үйірмесіне арналған "Сырлы әуен" эликтивті курс бағдарламасы атты іс-тәжірибесі қала мұғалімдеріне таратылды.  
"Табиғат апаттары кезінде қорғану шаралары" атты сурет байқауы
28
февраль
2025
"Табиғат апаттары кезінде қорғану шаралары" атты сурет байқауы
1-4 сыныптар аралығында "Табиғат апаттары кезінде қорғану шаралары" атты, 5 сыныптар арасында "Бүгінгі оқушы-ертеңгі Отан қорғушы" атты тақырыпта сурет байқауы өтілді. Мақсаты:Балалардың экологиялық мәдениетін, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу.  
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
28
февраль
2025
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР
Ақпан айының 28-ші жұлдызында Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия аясында “Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі” атты музыка  пәні мұғалімдеріне  арналған ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР  өте жоғары деңгейде өтті. Пән мұғалімдері өз іс- тәжірибелерімен бөліcті.