ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ. "ӘБІШ ОҚУЛАРЫ" аудандық кезеңі
2025 жылдың 16 сәуірінде "Әбіш оқулары" республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру. "Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу" бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Айдар Жанерке 3 орын, "Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу" бағыты бойынша Ришат Жанайым 2 орын, "Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы" бойынша Ғұмар Алия 3 орынды иеленді.