А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 3 - қазан күні дублер күні өткізілді. Бұл күнгі басты мақсат —мұғалімнің орнына оқушы (яғни, дублёр) оның күнделікті міндеттерін орындап көрді. Олар ұстаздардың бір күндік жұмысын бақылап, болашақ мамандығын таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдай алады.
02.10.2025ж. №139 мектеп-гимназиясында "Ұстаздар мерекесіне" орай өткізілетін "Дублер" күні қарсаңында мұғалім мамандығының жауапкершілігін сезіндіру, оқушыларға жаңа тәжірибе беру және бағыт бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Елсана газеті – қоғамның айнасы, уақыттың тынысын, оқушы,мұғалімнің ой-пікірін бейнелейтін басты ақпарат құралы. Оның әрбір жаңа шығарылымы – өткен күннің шежіресі мен болашаққа бағытталған ойдың көрінісі.