ЕББҚ бар оқушылардың ата-аналарына арналған семинар өткізілді
Семинар тақырыбы: «ЕББҚ бар оқушылардың үй тапсырмасын тиімді ұйымдастырудың әдістері мен ата-аналарға арналған ұсынымдар». Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың үй тапсырмаларын тиімді ұйымдастыру жолдары, ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Қатысушыларға тәжірибелік кеңестер беріліп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу жүргізілді.