Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дарынды балармен жұмыс.
12
ноябрь
2025
Дарынды балармен жұмыс.
Қарашаның 12-і күні 9-11 сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Оқушылар белсене атсалысып, білім додасында бақтарын сынады. Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Қырғызбай Ақзат.  
Дарынды балалармен жұмыс.
11
ноябрь
2025
Дарынды балалармен жұмыс.
Қараша айының 4-ші жұлдызында 5-6 сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын, жаратылыстану пәндерінен өткізілді. Оқушыларымыз өз білімдерін көрсетіп, бақтарын сынап, үздік екендерін дәлелдеді. І орын алған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алып, дайындықтарын күшейтуде. Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Қырғызбай Ақзат.  
Байқау
10
ноябрь
2025
Байқау
Әуезов ауданы педагогтерінің арасында ұйымдастырылған "Абыройлы ұстаз":"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған байқауға мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі  Балтабекова Айым Танатқызы қатысып, І орын иеленіп, қалаға жолдама алды. Құттықтаймыз!    
Олимпиада
10
ноябрь
2025
Олимпиада
Қараша айының 7-ші жұлдызында 7-8 сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын, физика, химия пәндерінен өткізілді. Оқушылар белсене атсалысып, білім бәйгесіне түсті. Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Қырғызбай Ақзат.  
Мақала
06
ноябрь
2025
Мақала
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, осыған байланысты мектеп-гиназиямызда қазан айында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өткізіліп, кездесудің қортындысын мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Орысбаева Назымның  "Білімді ел" газетінде "Тіршіліктің тамыры - еңбек адамы" тақырыбында мақаласы жарық көрді.  
Қамқоршылық кеңес.
05
ноябрь
2025
Қамқоршылық кеңес.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында білім беру ұйымы мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, оқу орнының дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын жақсартуға және тәрбиелік үдерісті жетілдіруге қолдау көрсету мақсатында мектеп-гиназиямызда кезекті қамқоршылық кеңесі өткізілді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып шешім шығарылды.  
Өнерлі оқушы.
03
ноябрь
2025
Өнерлі оқушы.
Рудный қаласында өткен ашық Республикалық турнир, таеквондо спорт түрінен 8 ә сынып оқушысы Қабдош Арслан 1-ші орын алды.    
Өнерлі оқушы.
03
ноябрь
2025
Өнерлі оқушы.
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы коньки тебушілер одағы. Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері Слатин Олег Петровичты еске алу мақсатында өткізілген шорт-трек жарысының 1- орын иегері."5В" сынып оқушысы Амангелді Әдемі.  
Өнерлі жастар.
31
октябрь
2025
Өнерлі жастар.
Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастырумен 2025 жылғы 25 қазан-2 қараша аралығында өткен Chess Camp Kokshetau атты шахматтан оқу-жаттығу жиынына 5В сынып оқушысы Бахитжан Елжас қатысты.  
Сынып жетекшілер отырысы.
30
октябрь
2025
Сынып жетекшілер отырысы.
Сынып жетекшілердің тәрбиелік жұмыстағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың жеке тұлғалық дамуын, тәртіп пен құндылық бағдарын қалыптастыру бағытындағы жұмысты жетілдіру, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру мақсатында кезекті сынып жетекшілер отырысы өткізілді. Отырыста келесі тақырыптар қаралды: "Мен елімнің патриотымын" және "Отбасы - тәрбие бастауы".