Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы
19
январь
2026
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы ☀️ Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндігі – жүрекке жылу сыйлаған ерекше күндермен басталды. Кеше мектебіміз таңғы сәттен-ақ мүлде басқа күйге енді. Оқушылар мен ұстаздар аэропорт стиліндегі қарсы алуда білімге бағыт алған үлкен сапардың жолаушысындай әсер алды ✈️ Түсте осы әсерлі бастама әуез бен өнерге толы концертпен жалғасын тапты. Балалардың өнері – балалықтың шынайы үні, ұстаздардың қолдауы – шуақты шаңырақтың берік тірегі екенін тағы бір мәрте
Ата-аналар жиналысы.
15
январь
2026
Ата-аналар жиналысы.
Ата-аналарға баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, онлайн ортада кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және балаларды цифрлық кеңістікте дұрыс, жауапты әрі қауіпсіз әрекет етуге бағыттау мақсатында мектеп-гимназиямызда №3-і жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.    
Әліппемен қоштасу кеші.
22
декабрь
2025
Әліппемен қоштасу кеші.
 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияда 22.12.2025ж "Рақмет саған Әліппем" тақырыбында әліппемен қоштасу кеші өтті. Бұл кеш – оқушылардың алғашқы оқу жетістігін атап өтетін, өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор мереке. Кеш барысында бірінші сынып оқушылары әліппемен қоштасып, әріп танып, оқи алғандарын өлең, тақпақ, ән, көріністер арқылы көрсетеді.  Кеш әдетте шаттыққа, қуанышқа толы, балалардың өнерін паш ететін, ата-аналар үшін де ерекше толғанысты сәт болады. Бұл – баланың мектеп өміріндегі
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15.12.2025ж күні мектеп-гиназиямызда 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің азаттық жолындағы күресін таныту, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.  
Республикалық иновациялық орталық.
15
декабрь
2025
Республикалық иновациялық орталық.
"Жаңа Қазақстан" иновациялық орталығы Астана қаласындағы 11 желтоқсанда өткен "Жылдың 100 дарынды оқушысы" республикалық байқауының марапаттау рәсіміне мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар , 6 "В" сынып оқушылары Даулетқали Айзере және Шайых Айяулым қатысып 1 дәрежелі дипломмен және "Дарынды оқушы" төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар.  
Байқау
10
ноябрь
2025
Байқау
Әуезов ауданы педагогтерінің арасында ұйымдастырылған "Абыройлы ұстаз":"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған байқауға мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі  Балтабекова Айым Танатқызы қатысып, І орын иеленіп, қалаға жолдама алды. Құттықтаймыз!    
Мақала
06
ноябрь
2025
Мақала
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, осыған байланысты мектеп-гиназиямызда қазан айында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өткізіліп, кездесудің қортындысын мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Орысбаева Назымның  "Білімді ел" газетінде "Тіршіліктің тамыры - еңбек адамы" тақырыбында мақаласы жарық көрді.  
Қамқоршылық кеңес.
05
ноябрь
2025
Қамқоршылық кеңес.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында білім беру ұйымы мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, оқу орнының дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын жақсартуға және тәрбиелік үдерісті жетілдіруге қолдау көрсету мақсатында мектеп-гиназиямызда кезекті қамқоршылық кеңесі өткізілді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып шешім шығарылды.