Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Олимпиада
10
ноябрь
2025
Олимпиада
Қараша айының 7-ші жұлдызында 7-8 сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын, физика, химия пәндерінен өткізілді. Оқушылар белсене атсалысып, білім бәйгесіне түсті. Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Қырғызбай Ақзат.  
Мақала
06
ноябрь
2025
Мақала
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, осыған байланысты мектеп-гиназиямызда қазан айында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өткізіліп, кездесудің қортындысын мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Орысбаева Назымның  "Білімді ел" газетінде "Тіршіліктің тамыры - еңбек адамы" тақырыбында мақаласы жарық көрді.  
Қамқоршылық кеңес.
05
ноябрь
2025
Қамқоршылық кеңес.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында білім беру ұйымы мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, оқу орнының дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын жақсартуға және тәрбиелік үдерісті жетілдіруге қолдау көрсету мақсатында мектеп-гиназиямызда кезекті қамқоршылық кеңесі өткізілді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып шешім шығарылды.  
Өнерлі оқушы.
03
ноябрь
2025
Өнерлі оқушы.
Рудный қаласында өткен ашық Республикалық турнир, таеквондо спорт түрінен 8 ә сынып оқушысы Қабдош Арслан 1-ші орын алды.    
Өнерлі оқушы.
03
ноябрь
2025
Өнерлі оқушы.
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы коньки тебушілер одағы. Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері Слатин Олег Петровичты еске алу мақсатында өткізілген шорт-трек жарысының 1- орын иегері."5В" сынып оқушысы Амангелді Әдемі.  
Сынып жетекшілер отырысы.
30
октябрь
2025
Сынып жетекшілер отырысы.
Сынып жетекшілердің тәрбиелік жұмыстағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың жеке тұлғалық дамуын, тәртіп пен құндылық бағдарын қалыптастыру бағытындағы жұмысты жетілдіру, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру мақсатында кезекті сынып жетекшілер отырысы өткізілді. Отырыста келесі тақырыптар қаралды: "Мен елімнің патриотымын" және "Отбасы - тәрбие бастауы".  
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы.
30
октябрь
2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы.
Күз мезгілінде өткен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарлама аясында №139 мектеп-гимназия ұжымы аула тазалығына белсене атсалысты. Мұғалімдер мен қызметкерлер бірлесіп, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, ағаштарды ретке келтірді. 🌿 Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын үлгі арқылы көрсету.  
Педагогикалық кеңес.
29
октябрь
2025
Педагогикалық кеңес.
29.10.2025ж. күні мектебімізде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект технологияларын оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізу жолдарын айқындау және XXI ғасыр дағдыларын (сын тұрғысынан ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация, цифрлық сауаттылық) дамытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында "Жасанды интелект - XXI ғасыр дағдыларын дамытудың негізі" тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өткізіліп, күн тәртібінде 5 мәселе
Әдістемелік кеңес.
28
октябрь
2025
Әдістемелік кеңес.
"ЖИ құралы арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу:цифрлық құзыреттілік пен адами құндылық үндестігі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңестің мақсаты жас ұрпақтың заманауи цифрлық дағдыларын қалыптастырумен қатар, адамгершілік құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған тәрбие мен білім беру үдерісін жетілдіру.