Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 7. Білім алушылардың білімін бағалау
Қалалық семинар
25
апрель
2024
Қалалық семинар
Тақырыбы:ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ:ЖОСПАРЛАУ,ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ Мақсаты:ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУДА ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ Міндеттері:ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ              ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ САРАЛАУ              ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖИНАҚТАУ              ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУІН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  
Аудандық слет
15
ноябрь
2023
Аудандық слет
"Оқушылардың өзін-өзі басқаруы-демократиялық мәдениетті қалыптастыру құралы" атты тақырыппен қаламыздағы Әуезов ауданындағы №139 мектеп-гимназияда  мектеп көшбасшыларының аудандық слеті өтті.Жалпы 32 оқушы қатысты. Оның ішінен іріктеліп 10 бала қалалық кезеңге өтті.Сарапшылар оқушы жұмысын жіті саралап,үздіктер ғана келесі кезеңге жолдама алды.  
Ата-аналар жиналысы.
15
январь
2026
Ата-аналар жиналысы.
Ата-аналарға баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, онлайн ортада кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және балаларды цифрлық кеңістікте дұрыс, жауапты әрі қауіпсіз әрекет етуге бағыттау мақсатында мектеп-гимназиямызда №3-і жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.    
Әліппемен қоштасу кеші.
22
декабрь
2025
Әліппемен қоштасу кеші.
 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияда 22.12.2025ж "Рақмет саған Әліппем" тақырыбында әліппемен қоштасу кеші өтті. Бұл кеш – оқушылардың алғашқы оқу жетістігін атап өтетін, өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор мереке. Кеш барысында бірінші сынып оқушылары әліппемен қоштасып, әріп танып, оқи алғандарын өлең, тақпақ, ән, көріністер арқылы көрсетеді.  Кеш әдетте шаттыққа, қуанышқа толы, балалардың өнерін паш ететін, ата-аналар үшін де ерекше толғанысты сәт болады. Бұл – баланың мектеп өміріндегі
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22
декабрь
2025
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22.12.2025ж. күні мектеп-гимназиямызда «Қош бол, сүйікті Әліппе» тақырыбында, оқушыларды алғашқы оқулығы — Әліппемен қоштасу сәтінің маңызын түсіндіру, білім жолындағы алғашқы қадамын бағалау, өзін-өзі еркін ұстау, сахналық мәдениет, шығармашылық қабілеттерін дамыту , ұ стазға, ата-анаға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында әліппемен қоштасу кеші ұйымдастырылды.      
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15.12.2025ж күні мектеп-гиназиямызда 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің азаттық жолындағы күресін таныту, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.  
Республикалық иновациялық орталық.
15
декабрь
2025
Республикалық иновациялық орталық.
"Жаңа Қазақстан" иновациялық орталығы Астана қаласындағы 11 желтоқсанда өткен "Жылдың 100 дарынды оқушысы" республикалық байқауының марапаттау рәсіміне мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар , 6 "В" сынып оқушылары Даулетқали Айзере және Шайых Айяулым қатысып 1 дәрежелі дипломмен және "Дарынды оқушы" төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі ағылшын пәні мұғалімі Рақымжанова Гүлнар.  
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
11
декабрь
2025
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
«Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарына қабылдаудың мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, отаншыл, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Екі ұйымға қабылдау – баланың жеке қабілетін дамытып, ел болашағына үлес қосатын белсенді, отаншыл жас ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді. Мектеп-гимназиямызда оқушыларды «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау болып өтті.    
Онкүндіктер аясында
21
ноябрь
2025
Онкүндіктер аясында
Математика және информатика кафедрасының  10-20.11.2025ж. аралығында оқушылардың математикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау, алгоритмдік және цифрлық мәдениетті қалыптастыру арқылы заманауи білімге қызығушылығын арттыру; математика мен информатиканың өмірмен байланысын көрсету мақсатында  «Сандар мен кодтар әлемі» атты онкүндігі өтті.      
А. Байтұрсынұлы оқулары.
21
ноябрь
2025
А. Байтұрсынұлы оқулары.
Бүгін мектебімізде 4-сынып оқушылары арасында «А.Байтұрсынұлы оқулары-2025» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс мектеп-гимназияның А.Байтұрсынұлына арналған мұражайында өткізілді. 4-сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.