Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, осыған байланысты мектебімізде жұмысшылармен кездесу өткізілді.
А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясында "Эстетикалық пәндер онкүндігінің" аясында, 2 - сыныптар арасында оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру және қимыл-қозғалысын,яғни шапшандықты ептілікті,ерік күштерін,қайрат жігерін шыңдау мақсатында “Кім жылдам” эстафеталық ойыны өткізілді.
"Білімді ел"Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінің 37 -номерінің 13 - бетінде мектебіміздің ДОЖЖО Толқынбекова Гүлнар Сапарқызының жетістіктері мен мектебіміз бен білім беру саласына сіңірген еңбегі туралы мақала жарияланды.
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда 06.10-16.10.2025ж аралығында эстетикалық пәндер онкүндігі өткізіледі. Осыған орай 06.10. күні "Шабыт үштігі - ән, қимыл, еңбек" эстетикалық пәндер, дене шынықтыру және АӘТД мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болып өтті.
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 3 - қазан күні дублер күні өткізілді. Бұл күнгі басты мақсат —мұғалімнің орнына оқушы (яғни, дублёр) оның күнделікті міндеттерін орындап көрді. Олар ұстаздардың бір күндік жұмысын бақылап, болашақ мамандығын таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдай алады.
02.10.2025ж. №139 мектеп-гимназиясында "Ұстаздар мерекесіне" орай өткізілетін "Дублер" күні қарсаңында мұғалім мамандығының жауапкершілігін сезіндіру, оқушыларға жаңа тәжірибе беру және бағыт бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
25.09.2025ж. күні А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда 10 сыныптар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың нәтижесінде 10"В" сыныбы І - орын, 10 "А" сыныбы ІІ - орын, 10 "Ә" сыныбы ІІІ - орын иеленді.
А. Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясында 18-19.09.2025ж "Қыз өссе елдің көркі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа №4 емхананың психолог маманы қатысып қыз баланың психологиясына қатысты ақпарат берді.