Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 14
"Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен  тәрбиелік іс-шара өткізілді.
12
март
2025
"Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен тәрбиелік іс-шара
Мектебімізде жоспарға сай 3 сыныптың сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен "Әжелер мектебі" клубында "Әжелер сөзі- тәрбие көзі" атты әжелермен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: әжелер мектебі арқылы  қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету. Кездесу барысында әжелеріміз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалы бар, қай кезде қолдануға  болатыны туралы әңгімелеп берді
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай  өткізіліп жатқан іс-шара
10
март
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шара
2025 жылы қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының (1845-1904) туғанына 180 жыл және Абайдың әйгілі еңбегі «Қара сөзді» (1890-1898) жаза бастағанына 135 жыл толады. Осыған орай назарларыңызға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қырғызбай Ақзат 9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады”
07
март
2025
“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады”
Сабыр мен төзімнен жаралған, әрбір шаңыраққа нәр берген, бар қиындықты төзіммен көтере білген, әр әулеттің абыройын асқақтатқан, ағайынның ынтымағын арттырған, өмірге ұлды да, қызды да әкелген, отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын, шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең ұстап отырған аяулы да ардақты алтын құрсақты АНАЛАР мерекесі қарсаңында 7 наурыз күні N139 мектеп-гимназиямызда  “Бәрі де, Ана бір өзіңнен басталады” атты ұстаздарымызға, ардақты аналарымызға,
БІЛІМДІ ЕЛ Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті
05
март
2025
БІЛІМДІ ЕЛ Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті
Физика пәнінің мұғалімі Алпысбай Ермек  "Мұғалім-әлемдегі ең үздік мамандық", Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қырғызбай Ақзат "Ұстаз болу-өнер ме,өмір ме?"атты мақалалар "БІЛІМДІ ЕЛ   Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінде жарық көрді.  
🌟 Алғыс айту – жүректен… 🌟
03
март
2025
🌟 Алғыс айту – жүректен… 🌟
🌟 Алғыс айту – жүректен… 🌟 2 “Б” сыныбында ерекше бір жылулыққа толы тәрбие сағаты өтті. “Алғыс айту – парызым” тақырыбында оқушылар шынайы ризашылық білдірудің маңызын түсініп, жүректен шыққан алғыстарын жеткізді. Балалардың әрбір сөзі мен жүрекжарды тілектері – рақмет сөзінің қандай үлкен қуатқа ие екенін тағы бір дәлелдеді. Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру, жанымызда жүрген жандарға алғыс айту – ең асыл қасиеттердің бірі екенін кішкентай бүлдіршіндер ерекше сезінді. Сынып жетекшісі:
📚 Семинар: «Сабақтағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» 🎯
03
март
2025
📚 Семинар: «Сабақтағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» 🎯
Жас мамандарға арналған маңызды семинар өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Балтабекова Айым Танатқызы өткізген бұл семинарда мұғалімдер тиімді кері байланыстың оқушы жетістігіне әсерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. 📖✨ Практикалық тапсырмалар арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кәсіби даму жолында тағы бір қадам жасады. 📸 Жас мамандарға алдағы уақытта шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!  
🌸 Әлемдегі ең аяулы жан… 🌸 атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты
03
март
2025
🌸 Әлемдегі ең аяулы жан… 🌸 атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты
Біз бүгін жүрекке жылы, сезімге толы ерекше сәттерді бастан өткердік… Аналар мен балалардың бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілігі, жүрекжарды хаттары мен әсерлі қойылымдары жиналған әр жанның көңілін толқытты. Көзден тамған жас – бұл тек сезімнің, махаббаттың, аналық мейірімнің көрінісі… 🧑‍🧒Ана мен бала арасындағы байланыс – ең асыл, ең мәңгілік құндылық. Бұл кеш соны тағы бір дәлелдеді. Әрбір сөз, әрбір құшақтасу, әрбір жүрек үні бізге өмірдегі ең басты нәрсенің – ана махаббатының шексіздігі
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем"
28
февраль
2025
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем"
"Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем" 7-сынып оқушыларымен бірге маңызды тақырыпта тренинг өтті. «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» атты шарада балалар отбасындағы сыйластық, түсіністік және мейірімділік құндылықтары жайлы ой бөлісті.  
💫 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 💫
28
февраль
2025
💫 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 💫
💫 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 💫 Бұл ерекше күн – халқымыздың сан ғасырлық тарихында мейірімділік пен қайырымдылықтың, бірлік пен татулықтың айқын көрінісі. «Жақсылық ұмытылмайды» деген ата-бабамыздың дана сөзі бар. Дәл осы мереке – айналамызға алғыс айтып, ризашылық білдіруге, жүректен шыққан жылы сөзімізбен бөлісуге тамаша мүмкіндік. Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың мерекесі. Бір-бірімізге деген мейірім мен қамқорлық ешқашан сарқылмасын!
Алғыс айту – жүректен!
28
февраль
2025
Алғыс айту – жүректен!
 💖 2 «А» сыныбы өз ұстаздары мен мектеп қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді! 🌸 Балалардың жүрекжарды сөздері мен жылы лебіздері – ең үлкен қуаныш. Мұғалімдер мен мектеп ұжымы үшін бұл баға жетпес сый! Рақмет айту – мейірім мен ізгіліктің белгісі. Осындай ақжарма тілектер әрдайым көбейе берсін! 😊💐 Сынып жетекшісі: Әбдіхашім Г.Ә.