Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 18
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі"
04
февраль
2025
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі"
АӘД пәнінің мұғалімі Бағдаулетов Бауыржан 10 "В" сыныбымен Сталинград шайқасының 82 жылдығына орай  "Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   
"БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ" КӨРМЕСІ
04
февраль
2025
"БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ" КӨРМЕСІ
Бүгін 9-11 сынып оқушылары "Білім жәрмеңкесі"  Satbayev University-не барып қайтты.  Жәрмеңкеде: 1. Қатысушылар оқуға түсу талаптарымен танысты: 2. Университет өкілдерімен тікелей байланыс орнатты; 3. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларының мүмкіндіктері талқыланды. Бұл жәрмеңке болашақ түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауда көмектесіп, құнды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы оқуда сәттілік тілейміз!  
Ашық тәрбие сағаты
03
февраль
2025
Ашық тәрбие сағаты
"Доссыз адам, тамырсыз ағашпен тең" тақырыбында 9 "Ә" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Білім алушыларға достықтың құндылығын түсіндіру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне қолдау көрсету. Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді.   
Сейсмо жаттығу
03
февраль
2025
Сейсмо жаттығу
Мектеп-гимназиямызда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына жалпықалалық «Сейсмо жаттығу» өткізілді. Әр сынып жетекші сынып туралы рапорт беріп, оқушылар «Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары» (жер сілкіну, су тасқыны, өрттен сақтану т.б.) тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр сынып жылдам сапқа тұрып, сынып алғашқы көмек жинағы салынған қораптарын бірге алып шықты. Мектеп оқушылары алғашқы көмек қалай жасалатынын көрсетті.  
"Өнер-жұтамас қазына"
03
февраль
2025
"Өнер-жұтамас қазына"
"Өнер жұтамас қазына" атты тақырыпта 6 "Б" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Ашық сабаққа ата-аналарда қатысып, өз ойларымен бөлісті. Апта дәйексөзі: "Жасампаздық-бәрімізге өнеге"  
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
03
февраль
2025
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты 9 "Ә" сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты:Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.  Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.  Халқына қалдырған шоқтығы би  ік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу. 
"Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға кәсіптік бағдар беру"
31
январь
2025
"Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға кәсіптік бағдар беру"
Арнайы педагог Махал Әсел ЕББҚ ететін оқушылардың ата-аналарына "Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері" атты тақырыпта семинар тренинг өткізді.    
"Әдеби сырласу"
31
январь
2025
"Әдеби сырласу"
"Оқуға құштар жобасы" аясында 7-сынып оқушыларымен "Әдеби сырласу" тақырыбында белгілі қаламгер Дулат Исабековтың "Дермене" хикаяты талданды.  
"Бейсенбі-тазалық күні"
31
январь
2025
"Бейсенбі-тазалық күні"
"Таза бейсенбі-тазалық кепілі" тазалық күніне оқушыларымыз белсене қатысты.  
"Зардап шеккен халықты қабылдау пунктерінің орналасқан жері"
30
январь
2025
"Зардап шеккен халықты қабылдау пунктерінің орналасқан жері"
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН "ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ" ҰРАНЫМЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ "Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан жері" тақырыбында сынып сағаты өтілді.