Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЛЕНИНГРАД БЛОКАДА"
05
февраль
2025
"ЛЕНИНГРАД БЛОКАДА"
Ленинград Блокадасы-тарихтың ең ауыр беттерінің бірі! 1941-1944 жылдар аралығында 900 күн бойы қала жау қоршауында қалды. Бұл кезеңде миллондаған адам шығынға ұшырады, бірақ осы қиын-қыстау кезеңде халықтың шыдамдылығы мен рухы жеңіп шықты. Ленинградтың тұрғындары біріккен күшпен аштық,суық және үнемі қоршауда болуға қарамастан өмір сүрді. Бұл оқиға бізге ерліктің,төзімділіктің және елге деген сүйіспеншіліктің символы ретінде қалады.   
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі"
04
февраль
2025
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі"
АӘД пәнінің мұғалімі Бағдаулетов Бауыржан 10 "В" сыныбымен Сталинград шайқасының 82 жылдығына орай  "Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   
“Әдеби сырласу”
29
январь
2025
“Әдеби сырласу”
"Оқуға құштар" бағдарламасының аясында,қаңтар айының 29-жұлдызында 7-сынып оқушыларымен  Дулат Исабековтың “Дермене” повесін талқылауға арналған “Әдеби сырласу” атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты:  Халықтың рухани байлығын дамытып, мәдениетті, парасатты,  бауырмал, жан әлемі жетілген, рухани түсінігі мол жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, кітапты сүйе білуге, қадірлеуге баулу.
"Қысқы демалыс жоспарына сәйкес, мұражайға саяхат.
08
январь
2025
"Қысқы демалыс жоспарына сәйкес, мұражайға саяхат.
Қысқы демалыс жоспарына сәйкес, демалыстарын тиімді өткізу мақсатында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мұражайға 7 сыныптың оқушылары сынып жетекшілері мен бірге саяхаттап қайтты.Өмірі жайлы, ғылымға қосқан үлесі туралы таныстырылым жасады. Д.А.Қонаев ел алдындағы азаматтық борышын адал атқарғандығы, қазақ елінің дамуына қосқан үлесі ерекше әсер етті.Осындай ұлы тұлғалар тағылымына бас иіп, оқушыларды ұлттық құндылыққа толы мұраларды сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу басты парызымыз!  
Қалалық ғылыми жоба
19
декабрь
2024
Қалалық ғылыми жоба
Қалалық ғылыми жобаға математика пәнінен 10 "В" сынып оқушылары Қадыр Айжан, Қуатқан Даниель. Қазақ әдебиеті пәнінен 8 "Ә" сыныр оқушысы Серікжанқызы Жаннұр қатысып, 2-орын дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлықтарды иеленді. Құттықтаймыз!  
"Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі"
13
декабрь
2024
"Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі"
Мектебімізде қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен тәуелсіздігімізге арналған желтоқсан ардагерлерімен кездесу. Желтоқсанның ызғарлы сәттерін оқушыларымыз ардагерлерімізге бас иді.Тәуелсіздік деген тектілікті ұрандатқан батырларымыз: PhD философия докторы Орындаева Ұлсерік Қадырбайқызы және мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Оразова Ғалия. Ардагерлерімізге мың алғыс.  
"Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі"
13
декабрь
2024
"Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі"
 13 желтоқсан күні мектебімізде "Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі" атты іс-шарамыз ұйымдастырылды.Мақсаты: Отанды құрметтеу,тәуелсіздікті бағалау білуге,елжанды болуға, еліміздің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығын есте ұстауға баулу.  
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына қабылдау рәсімі.
11
декабрь
2024
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына қабылдау рәсімі.
Тәуелсіздік күні қарсаңында 2-сынып және  5-сынып оқушыларын "Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына қабылдау рәсімі өтті. Оқушылар патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді.  
"Қыз Жібек" жырын талдау
06
декабрь
2024
"Қыз Жібек" жырын талдау
Оқуға құштар жобасы аясында, 7 сыныптар арасында "Қыз Жібек" жырына талдау жүргізілді. Мақсаты: "Қыз Жібек" жырына толықтауй талдау жасау,жырдың құндылығын дәріптеу, ұлттық дәстүрді дәріптеу,жырдың тәрбиелік мәнін ашу.