Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дарынды балаларға- талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасы
23
январь
2023
"Дарынды балаларға- талантты ұстаз" республикалық педагогикалық
“Дарынды балаға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінен мектеп-гимназия психологы Қуанышбай А- 1 орын, тәлімгер, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Синасап Н-2 орын иеленді. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз арқашан жемісті болсын!  
Ғибрат театрының жетекшілігімен Байсакалов Төлепберген актермен кездесу кеші өтті.
28
декабрь
2022
Ғибрат театрының жетекшілігімен Байсакалов Төлепберген актермен
28.12.2022 жылы Ғибрат театрының жетекшілігімен Байсакалов Төлепберген актермен кездесу кеші өтті.Кеште "Ғибрат" театрының бір жылдық есебі өтіп,оқушылармен мұғалімдерді марапаттады.Байсакалов Төлепберген оқушыларға "актерлік шеберлік" жайлы сабақ өтті.Актерге оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып,кеш қызықты өтті.  
"Алтын сақа" олимпиадасы
09
декабрь
2022
"Алтын сақа" олимпиадасы
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талатты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен “ZERDELI” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен математика пәнінен 5-6сынып арасындағы “АЛТЫН САҚА” олимпиадасының қалалық кезеңіне 6”Ә” сынып оқушысы Муслим Айым қатысып, ІІІ орын иеленді! Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Шәріп Бексұлтан.  
Педагогикалық идеялар фестивалі
09
декабрь
2022
Педагогикалық идеялар фестивалі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орысбаева Назым Мейрханқызы Алматы қаласы Білім басқармасы қалалыөқ білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі" қалалық байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.  
Мектепішілік ғылыми жоба
04
ноябрь
2022
Мектепішілік ғылыми жоба
26.10.2022ж. күні Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті, 12 жұмыс(19 оқушы) қатысты. Бұйрық бойынша комиссия мүшелері құрылып, жоба жұмыстары тыңдалды, критерий арқылы бағаланды.  
Жас педагогтардың “Өз жұлдызыңды жақ” атты IV қалалық байқауы
02
ноябрь
2022
Жас педагогтардың “Өз жұлдызыңды жақ” атты IV қалалық байқауы
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамет Әмина Қойшыбекқызы Алматы қаласы Білім басқармасы жас педагогтердің “Өз жұлдызыңды жақ” атты IV қалалық байқауынан жүлделі 2 орын иеленіп, 01.11.22 күні “Жас келсе іске…” атты жас педагогтардың қалалық слетында дипломмен марапатталды!   
Би үйірме жетістігі
10
май
2022
Би үйірме жетістігі
Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер ән-би өнер байқауына Хореография жанры бойынша мектеп-гимназиямыздың  "Moolight" би тобы қатысып бас жүлде иеленді. Жетістіктерің көп болсын, тек биіктен көрініп мектеп-гимназиямыздың атын асқақтата беріңіздер!   
"Асыл жүрек" эссе байқауы
05
февраль
2022
"Асыл жүрек" эссе байқауы
"Асыл жүрек" тақырыбында өткен аудандық эссе байқауына 7-10 оқушылары қатысып, 8 "Ә" сынып оқушысы Мырзағали Айзере қалаға жолдама алды. Жетекшісі А.Болат         
Драма үйірмесі бойынша жетістіктер
03
февраль
2022
Драма үйірмесі бойынша жетістіктер
ІІ Республикалық өнер мен білім байқауынан "Мәдени-тынығу жұмысы- сахналық қойылым" номинациясы бойынша мектеп-гимназиямыздағы драма үйірмесінің  "Ғибрат театры" (Қабибулла Мирас, Бекет Бексултан, Бүркітбай Нұрислам, Жұмәлі Маруа, Әділетқызы Айзере, Сагиндикова Анелья, Амангельди Інжу) БАС ЖҮЛДЕ иеленді. 03.02.22ж күні оқушыларымызды марапаттау рәсімі өтті.